«ҚазТрансОйл» компаниясының капиталдық салымы 70 миллиард теңгеден асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ҚазТрансОйл» компаниясының капиталдық салымы 70 миллиард теңгеден асты

21.10.2014
«ҚазТрансОйл» компаниясының капиталдық салымы 70 миллиард теңгеден асты

«ҚазТрансОйл» соңғы екі жылда акционерлеріне 70 миллиард 772 миллион теңге дивидент төледі. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аталған компанияның Басқарма төрағасы Қайыргелді Қабылдин осыны жеткізді.

Айта кетерлігі, компания халықтық ІРО-ға шықпас бұрын инвестициялық келісімшартқа байланысты табыстың ең кемі 40 пайызын дивидентке беруге әрі акционер атанған ел азаматтарына төлеуге кепілдік берген.

 

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу