Табиғи апаттан Иранда 141 адам қаза тауып, 1 мыңнан астамы жараланған. Ал, Иракта 4 тұрғынның қаза тапқаны тіркелді. 50-дейі зардап шеккен. Құрбан болғандардың басым бөлігі - Иранның Керманшах және Илам провинцияларының тұрғындары. Қаза тапқандардың саны әлі де өсуі мүмкін. Себебі, құлаған үйінді астында қалғандар толық шығарылып біткен жоқ. Бұған қоса, жараланғандардың кейбіреуінің халі мүшкіл. Дүмпу кезінде стратегиялық нысандарға зақым келген жоқ.
Зілзала эпицентрі Ирак Күрдістанында 33,9 шақырым тереңдікте анықталған. Дүмпу Түркия, Израиль мен Кувейтте де сезілді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ