Вашингтонда тұрғындар қаруды бақылауды талап етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вашингтонда тұрғындар қаруды бақылауды талап етті

07.11.2017

Вашингтонда тұрғындар қаруды бақылау шараларын қабылдауды талап етіп, шерулетті. Бұған АҚШ-та жалғыз адамның оқ атып, өзгелерді өлтіру оқиғаларының жиілеп кетуі себеп. Жексенбіде 26 жастағы Девин Патрик Келлей оқ жаудырып, 26 адамды мерт қылды. Құрбандардың арасында 18 айлық сәби мен 77 жастағы қария бар. Ал, осыдан бір айға жетпес уақыт бұрын Лас-Вегаста қарулы қылмыскер 58 адамды өлтірді.

Қару сату, ұстау ережелерін қатаңдату мәселесі Барак Обама билігі кезінде де көтерілді. Алайда, ол ұсыныс Конгресте қолдау тапқан жоқ. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу