Ауғанстанда екі мұнай танкері жарылып, 15 адам қаза тапты. Оқиға елдің оңтүстік-батысындағы Чарикар қалашығында болған.
Жарылыстан жақын жердегі автобус қирап, ондағы жолаушылардың көбі тірідей жанып кеткен. 27 адам жараланды. «Рейтердің» хабарлауынша, танкерге жабысқақ бомба жапсырылған.
Бұл қастандық үшін жауапкершілікті әзірге ешқандай топ өз мойнына алған жоқ.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ