Танымал журналистке қастандық жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Танымал журналистке қастандық жасалды

17.10.2017

Атышулы «WikiLeaks» сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассанж мальталық тілшіні өлтіргендер туралы мәлімет үшін 20 мың еуро төлейтінін жариялады. Зерттеуші-журналисттің көлігі жарылып, қаза тапты. Бұл оқиға 53 жастағы Дафна Каруана Галиция үйінен шыққан сәтте болған. Жарылыстың себебі әзірге белгісіз. Дегенмен, 15 күн бұрын репортер өзіне қауіп төніп тұрғаны жөнінде полицияға шағымданған екен.

Бұған дейін, Галиция «Панама ісін» тергеуге қатысып, премьер-министр Джозеф Мускаттың отбасын жемқорлық үшін айыптаған еді. Оның мәліметінше, үкімет басшысының әйелінің Панамадағы компаниясы Әзірбайжан президентінің қызының фирмасымен байланыста болған.

Қастандықтан кейін Мускат «журналиске жасалған айуандықты ештеңемен ақтап алуға болмайтынын» мәлімдеді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу