ОАР-да үш ресейлік журналистке қастандық жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОАР-да үш ресейлік журналистке қастандық жасалды

01.08.2018

Орталық Африка Республикасында Ресейден барған түсірілім тобы мүшелері бүгін белгісіз біреулердің қолынан қаза тапты. Журналист Орхан Джемаль, режиссер Александр Расторгуев пен оператор Кирил Радченконы сол елдің астанасы Бангиден Бамбари қаласына бара жатқан жолда қылмыскерлер атып өлтірген. Әзірге журналистерге кімдердің шабуыл жасағаны белгісіз. Африкалық мемлекет шенеуніктері болған оқиғаға қатысты түрлі дәлел келтіріп жатыр. Жергілікті радио станциясы оларға көтерілісші топ оқ атқан деп мәлімдеді. Ал, шабуыл кезінде марқұмдармен бірге болған көлік жүргізушісінің сөзінше, жолдағы ағаш арасынан бір топ қаруланған адам атып шығып, машинаға оқ атқан. Ал, көлік жүргізушісінің қалай тірі қалғаны және қалаға оралғаны белгісіз. Айта кетсек, марқұм болған ресейлік журналистер Орталық Африка Республикасына ресейлік «Вагнер» құрамындағы жалдамалы әскерилер туралы фильм түсіруге барған.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу