«Samsung Electronics» компаниясының вице-президенті отставкаға кету туралы шешім қабылдады. Квон О Хьюн мұнда бас директор қызметін де атқарып келген. Дегенмен, оның өкілеттілігі 2018 жылдың наурызында аяқталады. Яғни, Квон сол уақытқа дейін міндетін атқармақ. Оның қызметтен кетуі - көпшілік үшін күтпеген оқиға.
Квон, пара үшін тамызда сотталып кеткен «Samsung» төрағасының бұрынғы орынбасары Ли Чжэ Еннің орнына келген еді. Естеріңізге сала кетсек, сол коррупциялық дау-дамайға орай, ел президенті Пак Кын Хе де биыл қызметінен аластатылды.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ