«ДАИШ» жыл соңына дейін жойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ДАИШ» жыл соңына дейін жойылады

11.10.2017

Жыл соңына дейін Ирак жерінде «ДАИШ» қарулы тобы толық жойылады. Мұны ел премьер-министрі мәлімдеді. «Уәде еткеніміздей, бұл  – эктремистік ұйым үшін соңғы жыл», - дейді республика үкіметінің басшысы Хайдер әл-Абади.

Айта кетсек, қазанның 5-де Ирак армиясы әл-Хувейджа қаласын азат етіп, елдің солтүстігін «ДАИШ»-тан түгелдей тазартты. Қазір радикалдар Сирия шекарасы маңындағы аудандарды ғана ұстап тұр. Мұны Пентагон да растады. Бірақ, АҚШ-тың бригадалық генералы Роберт Софдждың айтуынша, жақында Ирак әскері сол аймақтағы Рава, Ана және әл-Каим деген елді мекендерді қайтару үшін шешуші ұрысқа кіріседі.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу