АҚШ-та алапат орман өртінен 100 адам жоғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та алапат орман өртінен 100 адам жоғалды

11.10.2017

АҚШ-тың Калифорния штатында алапат орман өрті салдарынан 100-ден астам адам жоғалып кетті. Із-түссіз кеткендерді табу үшін арнайы телефон байланысы ашылып, құтқару операциясы жүріп жатыр. Жергілікті губернатор Джерри Браун төтенше жағдай жариялап, 20 мыңнан астам адамды қауіпсіз жерлерге көшірді. Соңғы мәліметтерге қарағанда, 30 мың гектар алқап күлге айналған. Калифорнияның солтүстігін Сан-Франциско қаласымен қосатын үлкен автострадада көру мүмкіндігі төмендегеннен кейін жабылған.

Айта кетейік, тілсіз жау жексенбі күні кешкі сағат 10-да басталған еді. Екпінді желден лапылдаған от тез тарап, 10 адамның өмірін қиды. 100-ден астам адам түрлі жарақаттармен ауруханаға түскен. Өртті сөндіруге жүздеген маман және көптеген техника тартылып отыр.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу