Испанияның Конституциялық соты Каталония парламентінің дүйсенбіге жоспарланған отырысына тыйым салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияның Конституциялық соты Каталония парламентінің дүйсенбіге жоспарланған отырысына тыйым салды

06.10.2017

Сондағы мақсат - осы аймақтың тәуелсіздік жариялауына жол бермеу.

Бұған дейін испан премьері Мариано Рахой Каталонияға Испаниядан бөліну туралы мәлімдеме жасауға рұқсат етпеген еді. Бірақ, болжам бойынша бұл провинция жеке мемлекет болғанын дүйсенбі күні хабарлап қалады.

Айта кетейік, Каталонияда қазанның 1-де референдум өтіп, оған қатысушылардың 90 пайызға жуығы Испаниядан бөлінуге дауыс берді. Ресми Мадрид болса, бұл плебицитті заңсыз деп атап, елдің бөлшектенуіне жол бермейтінін мәлімдеп келеді.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ     

Хабарламаларға жазылу