Австралияда заңсыз қару-жарақтың бестен бір бөлігі үкіметке тапсырылды. 3 айлық амнистия кезінде халықтан жиналған 51 мың дана қарудың барлығы жойылады.
Бұл туралы Австралия премьер-министрі Малкольм Тернбул мәлімдеді. Оның сөзінше, қару ұстауға байланысты қатаңдатылған ережелер елде Лас-Вегастағыдай оқиғаның қайталануына жол бермейді.
Австралияда 1996 жылғы заң бойынша бытыралы мылтық пен жартылай автоматтық винтовкаларды ұстауға тыйым салынған. Сол уақыттан бері елде бірде-бір жаппай оқ ату оқиғалары болған жоқ.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ