Түркияда президент Режеп Тайып Ердоғанды өлтірмек болды деген айыппен бұрынғы 40 әскери қызметкер өмір бақи түрмеге жабылды. Сәтсіз төңкеріске қатысты сот Мугла провинциясында биыл ақпанда басталды. Оған бас-аяғы 46 күдікті тартылды. Солардың біреуі ақталды, екеуі 15 және 18 жылға сотталса, үшеуі болмағандықтан, оларға үкім шыққан жоқ.
Тергеу нәтижесіне жүгінсек, бұл азаматтар Мармарис қаласындағы Ердоған орналасқан қонақ үйді басып алмақ болған. Алайда, президент ол ғимараттан дер кезінде кетіп үлгерді.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ