Шыңжаңға қалың қар түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шыңжаңға қалың қар түсті

03.10.2017

Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданына қалың қар түсіп, кейбір жолдар жабылып көлік қозғалысы тежелді. Бұл - биыл жауған алғашқы қар. Тянь-Шань тауының бөктерінде оның қалыңдығы 20 сантиметрге жеткен. Арнайы техника жолдарды тазартып үлгермей жатқандықтан, көліктер бірнеше сағат бойы кептелісте тұруға мәжбүр. Жолда бағыт көрсету үшін полиция қызметкерлері де тартылды. Жергілікті синоптиктердің болжамы бойынша, сәрсенбі күні бұдан да қалың қар жауы ықтимал.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу