Кенияда өткен наразылық шеру полициямен қақтығысқа ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кенияда өткен наразылық шеру полициямен қақтығысқа ұласты

27.09.2017

Кения астанасы Найробиде қарсылық акциясы полициямен қақтығысқа ұласты. Сақшылар демонстранттарды басу үшін көз жасаурататын газ бен шоқпар қолдануға мәжбүр болған. Соңғы келіп түскен мәліметтер бойынша, шерушілер сайлау комиссиясының штаб-пәтерінің алдына жиналып, комиссия мүшелерін қызметтен кетуді талап еткен. Демонстранттардың кейбіреуі ашуға ерік беріп, бөлімшеге басып кірмек болыпты. Алайда, құқық қорғаушылар оларға қару қолданып, тоқтатқан.

Айта кету керек, қыркүйектің басында президенттік сайлауда Ухуру Кеньятта жеңіске жеткен еді. Бірақ, дауыс беру кезінде бірқатар заңбұзушылық тіркеліп, үкімет нәтижені қабылдамай, 60 күннен кейін қайта сайлау болады деп жария еткен.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу