Таяуда дүлей дауыл Кариб аралдарын да жайпап өткен еді. Екпінді жел сағатына 250 шақырым жылдамдықпен Ябукоа аймағында үйлерді қиратып, шатырларды жұлып, адамдар сыртқа шыға алмай қалған. Жолдарды су басып, көлік қозғалысы тежеліп отыр. Теңіз толқындары 3 метрге дейін көтерілген. Синоптиктердің болжамына қарағанда, елде толассыз жауын жауып, тасқын қаупі де төніп тұр. Соңғы келіп түскен мәліметтер бойынша, дауыл Доминикан Республикасының солтүстігіне бет алды.
Айта кетейік, бұған дейін мұнда алапат «Ирма» дауылы жүріп өткен. Бұл тарихтағы атлантикалық ең қуатты дауылдардың бірі болып отыр. Кариб бассейінінде апат салдарынан 80-нен астам адам қаза тапқан еді.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ