Бельгиядағы Солтүстік теңізден соғыста суға батқан сүңгуір қайық табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгиядағы Солтүстік теңізден соғыста суға батқан сүңгуір қайық табылды

20.09.2017

Бельгиядағы Солтүстік теңізден Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде батып кеткен немістердің сүңгуір қайығы табылды. Қайықта экипаждың 23 мүшесінің денесі де бар, - дейді ғалымдар. 30 метр тереңдікте жатқан қайықтың алғашқы суреті мен видеосы жарияланды.

Бельгия үкіметі «авантюристер кемені тонап, сынықтарын қолды етеді», -деген күдікпен оның нақты қай жерде жатқанын айтпай, құпия ұстап отыр. Ғалымдардың мәліметінше, UB-II үлгісіндегі қайық соғыс кезінде түйіспелі мина тиіп, суға батқан. Ұзындығы - 27, ені - 6 метрлік су көлігінің салмағы 270 тонна болуы мүмкін, - дейді мамандар. Қазір Бельгиядағы Германия елшілігі экипаж мүшелерінің кім екенін анықтауға кірісті.

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу