Сингапурда тарихи оқиға. Бұл мемлекетті тұңғыш рет әйел басқаратын болды. 63 жастағы Халима Якоб елдің сегізінші президенті болып тағайындалды. Бұған дейін парламент спикері міндетін атқарған Якоб елге адал қызмет етуге уәде беріп отыр.
Соңғы мәліметтерге қарағанда, жаңа президенттің тағайындалуы жұрт арасында біраз шу тудырды. Себебі, сайлауда Сингапур басшылығына одан басқа үміткер тіркелмеген екен.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ