Мемлекет басшысы Сингапурдың аға министрі Тео Чи Хинді қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Сингапурдың аға министрі Тео Чи Хинді қабылдады

14.10.2019

Сингапур президенті қазақ басшысын өз еліне сапармен келуге шақырды. Оңтүстік Шығыс Азияда орналасқан мемлекеттің ыстық сәлемін Ақордаға Тео Чи Хин жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурдың аға министрі – ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі үйлерстіруші министрді қабылдады. Тараптар екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық, цифрландыру салаларындағы әріптестікті нығайту жолдарын талқылады. Сондай-ақ кездесуде Ереванда өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы да сөз болды. Армения астанасында Сингапур Еуразиялық экономикалық одақпен еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қол қойған еді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Ереванда Сингапур премьер-министрі Ли Сянлунмен кездесуіміз өте табысты аяқталды. Болашақта біздің ынтымақтастығымыз одан әрі нығая түсетініне сенімдімін. Сіз арқылы әріптесім, Синагпур Республикасының президенті Халима Якоб ханымға өзімнің жылы лебізім мен игі ілтипатымды жолдағым келеді.

Тео Чи Хин, Сингапурдың аға министрі - ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі үйлестіруші министр:

Біріншіден, біздің президентімізге жолдаған жылы лебіңіз үшін алғыс айтамын. Ол сізбен Сингапурде кездесуге ниет білдіріп, сізге шақырту жолдап отыр. Біздің үкімет басшысы Ереванда болып, Сингапур Еуразиялық экономикалық одақпен еркін сауда аймағын құру туралы келісім жасады. Сингнапур Еуразиялық экономикалық одақпен серіктес болғанына қуанышты. Бұл келісім табысты боларына сенеміз.

Альбина ӘШІМ


Хабарламаларға жазылу