Қытайлық компания 360 сағатта, яғни 15-ақ күннің ішінде 30 қабатты үй салған. Үйдің жалпы ауданы 17 мың шаршы метр.
Олар мұндай жылдамдыққа модульдік құрылыс технологиясын пайдалану арқылы жеткен.
Осындай әдіспен салынған үйдің ерекшелігі – құрылыс кезінде тым көп энергия қажет етпейді екен.
Ең бастысы үйлер 9 балдық жерсілкінісіне төтеп береді және желдету жүйесі ауаны сырттағыдан 20 есе таза қалпында ұстайды.
Саламат ОМАШ