Шығыста «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша 50 үй салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыста «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша 50 үй салынды

06.12.2021

Семейде мерекеге орай тұрғындарға жаңа баспаналар табысталды. Биыл өңірде «Бір қабатты Шығыс» жобасы шеңберінде қаланың шеткі ауданынан екі пәтерлі үйлер бой көтерді. 1 миллиард қаржыға инвесторлар 50-ге жуық жер үй салған. Солардың жартысына жуығы мемлекеттік қызметкерлер мен жас отбасыларға берілді. Жаңа қоныс иелері баспанаға мемлекеттік бағдарламалар арқылы қол жеткізген.

Құралай Төлейғалиева, қала тұрғыны:

Мереке күні осылай үйлі болып жатқанымызға, арманымыздағы баспанаға қол жеткізгеніміз үшін қуанамын . Сапасы жақсы. Кең. Ауласы да кең. Ризамын. Қуаныштымын осындай мүмкіншілік беріп отырғанына.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу