Таиландтың оңтүстігінде жол бойында бомба жарылып, 20 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таиландтың оңтүстігінде жол бойында бомба жарылып, 20 адам жараланды

14.09.2017

Таиландтың оңтүстігінде жол бойында 3 бірдей жарылыс болып, 20 адам жараланды, 1 сарбаз мерт болды. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, оқиға Яла провинциясында болды. Бомбалардың бірінен ешкім зардап шеккен жоқ. Екеуі әскерилер көп жиналған жерде іске қосылған. Полицияның болжамына қарағанда, бұл шабуылға мұсылман сепаратистері жауапты. Қазір істің мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр. 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу