Афинадан 25 шақырымдағы Саламин аралында төтенше жағдай. Мұнда мазут пен дизельдік отын тиелген танкер суға батып кетіп, теңіз жағалауының 2 шақырымнан астам бөлігіне 2500 тоннадай мұнай төгілген. Әзірге, апатқа не себеп болғаны белгісіз.
Саламин аралының экологиясы әдетте таза болатын. Ал, төгілген энергетикалық отын - су бетіне және құм үстіне де жиналып қалған. Бұл оқиғадан кейін, туристер арасында танымал курорттар жабылып, тазарту жұмыстары жүріп жатыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ