Жайық өзені балық өлекселерінен тазартылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жайық өзені балық өлекселерінен тазартылып жатыр

11.03.2019

Игілікті іске Атырау тұрғындары мен қоғам белсенділері атсалысуда. Үш жүздей адам төрт топқа бөлініп, өзеннің қалаға тиісті аумағын тазалап шықты. Нәтижесінде су айдынынан 1 тоннадан астам өлі балық жиналды.

Еске сала кетейік, өткен желтоқсан айында Жайық өзенінде балық қырылып қалған еді. Бұған дейін 100 тоннадан астам балық өлексесі жиналып, жойылды. Оқиғаға қатысты екі қылмыстық іс қозғалды. Бірақ балықтың неден өлгені әлі анықталған жоқ.

Артур Сәдібекұлы, облыстық Балық шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Жайық жағасын өлген балықтардан тазартып, қоқыс жинау жұмыстарын атқарып жатырмыз. Бұл жұмыстар әрі қарай да жалғаса береді.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу