Ресейдің үш дипломатиялық миссиясы жабылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің үш дипломатиялық миссиясы жабылады

04.09.2017

АҚШ Ресейден үш бірдей дипломатиялық нысанын жабуды талап етті. Бұған сай, Мәскеу жақын арада Сан-Францискодағы бас консулдығының, Вашингтон мен Нью-Йорктағы сауда өкілдіктерінің жұмысын тоқтатуы тиіс. Бұл шешім Ресейдің АҚШ-тағы жаңа елшісі қызметіне кірісер алдында мәлім болды.

Ал, осыдан бір ай бұрын Кремль Құрама Штаттардан Мәскеудегі дипломаттарын 455 адамға дейін қысқартуды талап еткен еді. Бұған Конгресстің Ресейге жаңадан санкциялар жариялауы түрткі болды.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу