Қырғыз республикасы: ХІ пленарлық отырыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғыз республикасы: ХІ пленарлық отырыс өтті

24.06.2022

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының ХІ пленарлық отырысына қатысты. Биыл мемлекеттер арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 30 жыл. Қазақстан бір жыл бойы ұйымға төрағалық етті. Басқосуда ассамблеяның жылдық жұмысын қортындыланды. Сондай-ақ спикер Қазақстанда өткен референдум кезінде Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының бақылау миссиясы белсенді қатысқанын атап өтті. Науқанға шынайы баға бергені үшін ризашылық білдірді. Ұйымға төрағалық ету мәртебесі Қырғыз Парламенті басшысына тапсырылды.   

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу