АҚШ-та 100 жылда алғаш рет Күн толық тұтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та 100 жылда алғаш рет Күн толық тұтылды

22.08.2017

АҚШ-та 1 ғасырда алғаш рет Күн толық тұтылды. Сирек құбылысты өз көзімен миллиондаған адам тамашалаған. Айдың Күнді 100 пайыз көлеңкелеуі Құрама Штаттардың Батыс жағалауынан шығысына дейін созылып, 14 штатты қамтыды. Әсерлі астрономиялық оқиғаны кейбіреулер мыңдаған доллар төлеп, арнайы ұшаққа мініп қызықтаған. Ал, НАСА оны тікелей эфирден трансляциялады.

АҚШ президенті Дональд Трамп болса, ерекше сәтті отбасымен бірге Ақ Үйдің екінші қабатындағы балконнан бақылаған. Келесі жолы америкалықтар Күннің түгелдей тұтылуын 2024 жылы көре алады.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу