Гонконгте тұмау пандемиясынан 320-дан астам адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гонконгте тұмау пандемиясынан 320-дан астам адам қайтыс болды

08.08.2017

Мұндай мәліметті осы Арнайы әкімшілік аймақтың денсаулық сақтау департаменті таратты. Оның дерегіне жүгінсек, шамамен қауіпті вирусты тағы 465 адамның жұқтырғаны белгілі болып отыр. Олардың көбі жасы 65-тен асқан қарт адамдар. 

Алайда, жүздеген адамның өмірін қиған тұмаудың аты аталмай отыр. Жергілікті дәрігерлердің сөзінше, Гонконгте мұндай ауру шілденің ортасында өршиді. Одан жантәсілім еткендер саны өткен жылмен салыстырғанда биыл брішама көбірек болып отыр.

 

Арыстан РЫСБЕК 

Хабарламаларға жазылу