Бразилияда COVID-19-ға қарсы вакцина қабылдаған ерікті қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда COVID-19-ға қарсы вакцина қабылдаған ерікті қайтыс болды

22.10.2020

Бразилияда коронавирусқа қарсы AstraZeneca вакцинасы сынағына қатысқан адам қайтыс болды. 28 жастағы ерікті дертінің асқынуынан көз жұмған. Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Ал препаратты дайындаушылардың бірі – Оксфорд университеті сынақтардың жалғасатынын хабарлады. 

Испания коронавирус жұқтырғандар саны миллионға жеткен Еуропадағы алғашқы мемлекет болды. Қатаң шектеу шараларына қарамастан, дертке шалдығу оқиғалары алты аптада екі есе өскен. 34 мыңнан астам адам қайтыс болды. Ел билігі қатты зардап шеккен аудандарда комменданттық сағат енгізуді жоспарлап отыр.

Германия Денсаулық сақтау министрі Йенс Шпаннан да вирус табылды. 40 жастағы министрде тұмау симптомдары байқалған. Қазір ол оқшаулау режимінде ем қабылдап жатыр. Жалпы Германияда күніне 8 мыңдай адам індетке шалдығады.

Жансая Қапасқызы

коронавирус бразилия испания вакцина

Хабарламаларға жазылу