Ақмола облысында диқандар егінді жинай алмай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында диқандар егінді жинай алмай отыр

13.10.2014
Ақмола облысында диқандар егінді жинай алмай отыр

Ақмола облысының диқандары егінді жинай алмай отыр. Астықты уақытылы орып алуға - ауа райының қолайсыздығы кедергі. Аймақта биыл әрбір гектардан 12  центнер астық  ору жоспарланған  болатын.

«Зеренді – Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің агрономы Аманжол Жанғозин  егістік алқабын аралап көрді. Жауын-шашынның салдарынан бітік шыққан егін кеуіп үлгермеген. Биыл 34 мың гектар алқапқа дән сепкен серіктестік өткен жылғыдай шығынға ұшыраймыз ба, деп қорқады.

Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу