Ақмола облысында көктемгі егіске тұқым тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында көктемгі егіске тұқым тапшы

28.03.2024

Ақмола облысында көктемгі егінге тұқым тапшы. Мамандардың айтуынша, бұған былтыр ауа райының қолайсыз болғаны себеп. Салдарынан, астық жылдағыдан аз жиналып, қамбадағы бидайдың тең жартысынан астамы бүлініп, қарайып кеткен. Енді, шаруалар жерге себетін дән таба алмай қаламыз ба, деп алаңдаулы. Қазір өңірде 70 мың тоннадай тұқым тапшы. Кейбір диқандар оны елдің түкпір-түкпірінен тасымалдаса, қалғандары азық-түлік корпорациясымен келісімшартқа отырып жатыр. Ал сала мамандары, мәселені көктемгі егіс басталғанға дейін шешеміз, деп отыр.

Еркеш Әленов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

466 мың тұқым бар. Ол 87 пайызды құрайды. Қалған 70 мың тоннасын іздестіріп жатырмыз. Біздің тұқым сататын хозяйстваларымыз бар. Соларда 30 мың тонна тұқым тұр. Азық-түлік корпорациясында 147 мың тонна тұқым тұр. Соны қазір шаруашылықтар арыздарын, заявкаларын беріп, келісімшартқа отырып жатқан жағдай бар.

Ұмсындық Наурызбаева


Хабарламаларға жазылу