АҚШ-та піл сүйегінен жасалған бұйымдар жойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та піл сүйегінен жасалған бұйымдар жойылды

04.08.2017

Нью-Йорктің орталық паркінде бүгін 650 дана піл азуы мен оның сүйегінен жасалған бұйым үгітілді. Жойылған тауардың құны  - 8 миллион еуро, жалпы салмағы 2 тоннадай. Бұл шара піл сүйектерін заңсыз саудалауға қарсылық ретінде ұйымдастырылған.

Айта кетсек, 2014 жылы Нью-Йорк АҚШ штаттарының ішінде алғашқы болып осы жануардың сүйегінен жасалған бұйымдарды сатуға тыйым салды.

Табиғат жанашырларының мәлімдеуінше, әр 15 минут сайын 1, тәулігіне 100, жылына 25 мыңдай піл өлтіріледі. Сондықтан, олардың саны жыл сайын азайып бара жатыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу