Ол Церматт және Грэхен қалаларын жалғап тұр. «Еуропалық» деп аталатын бұл көпірдің ұзындығы 500 метр және жерден 85 метр биіктікте орналасқан.
Аспалы жолды салмағы 8 тонна арқандар ұстап тұр. Сонымен бірге, ол теңселісті болдырмайтын жүйемен жабдықталса керек.
Тағы бір айта кететін жайт, жаңа көпірден Швейцарияның танымал Маттерхорн, Вайсхорн және Берн Альпісі шыңдары анық көрінеді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ