Австралия құрлығына адамдар 65 мың жыл бұрын барған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралия құрлығына адамдар 65 мың жыл бұрын барған

20.07.2017

Австралияда адамдар 65 мың жыл бұрын пайда болса керек. Квинсленд университетінің ғалымдары солтүстіктегі үңгірден табылған тастарды зерттеу арқылы, осындай пайымға келген. Бұрын Жасыл құрлыққа аборигендер 47 мың жыл бұрын барды деп есептелінген-ді. Археологтар табылған жәдігерлерді оптикалық мерзімдеу тәсілі арқылы зерттеп, бұл теорияны жоққа шығарып отыр.

Айта кетсек, бұрын мұндай артефактілердің жасы радиокөміртекті мерзімдеу арқылы анықталатын.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу