АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі негізгі пайыздық мөлшерлемені биыл екінші мәрте көтерді. Бұл көрсеткіш қазір 25 пунктке, яғни 1-ден 1,25 пайызға дейін жоғарылады. Орталық банк мұндай шешімін жетекші комитеттің екікүндік отырысынан кейін жариялады. Пайыздық мөлшерлеменің өсуіне АҚШ-та экономикалық белсенділіктің жоғарылауы, еңбек нарығының нығаюы, жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы және инвестицияның өсуі ықпал етіп отыр. Экономистердің болжамынша, Федералдық резерв қоры негізгі ставканы биыл тағы үшінші мәрте өсіруі мүмкін.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ