Еуроаймақтағы банктер 11 жылда алғаш рет пайыздық мөлшерлемені өсірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуроаймақтағы банктер 11 жылда алғаш рет пайыздық мөлшерлемені өсірді

22.07.2022

Еуроаймақта 11 жылда алғаш рет пайыздық мөлшерлемелер жоғарылады.

Шара инфляцияны тежеуге бағытталған. Бұл көрсеткіш 0.5 пайызға өсірілді. Еуропа орталық банкі пайыздық ставка әлі де өсуі мүмкін екенін ескертіп отыр.

2014 жылдан бері пайыздық мөлшерлеме өскен жоқ. Бұл Еуропа Одағы елдерінің экономикасын ынталандыру үшін қажет болған еді. Дегенмен биыл тұтыну тауарлары рекордтық 8,6 пайызға қымбаттады. Бұған азық-түлік, отын мен энергия көздерінің бағасы күрт өсуі түрткі болған. Еуропа елдері Ресей газы мен мұнайына аса тәуелді екені мәлім. Дағдарыстың алдын алу үшін Еурокомиссия блок елдеріне 8 айда көгілдір отынды тұтынуды 15 пайызға азайтуды ұсынды.


Хабарламаларға жазылу