Кения астанасы Найробиде 7 қабатты үй құлап, 15 кісі жоғалып кетті. Жергілікті биліктің сөзінше, бұл оқиғадан бұрын тұрғындарға ғимаратты босату туралы ескерту жасалған. Дегенмен, халық басшылықтың сөзіне құлақ аспады немесе заттарын алып кетуге келгенде апатқа тап болған. Жалпы, Кенияда мұндай оқиғалар жиі болады. Мәселен, өткен жылы кедейлер тұратын ауданда жаңбырдан кейін ғимарат құлап, 49 адам қаза тапқан еді.
Фариза Мұсақызы