Грекияның экс-премьер-министрі Лукас Пападемос өз көлігіне қойылған жарылғыш заттан жапа шекті. Саясаткер машинасындағы конвертті ашқан кезде құрылғы іске қосылған. Пападемос ауруханаға жеткізілді. Оның жарақаты жеңіл. Оқиғадан саясаткердің көлік жүргузшісі де жапа шеккен.
Лукас Пападемос 69 жаста. Ол грек үкіметін 2011 жылдан 2012 жылға дейін басқарды.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ