Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына қатысты тайталас әскери жанжалға ұласуы мүмкін. Мұны АҚШ президенті Дональд Трамп ескертті. Бірақ, оның сөзінше, Америка бұл мәселені дипломатиялық жолмен шешуді қалар еді. Өзге бір мәлімдемесінде Трамп Ким Чен Ынға 27 жаста мемлекет басқару оңай еместігін де атап өтті.
Айта кету керек, қазір Солтүстік Корея төңірегіндегі дау шиеленісіп барады. Нақтырақ айтсақ, бұл мемлекет өзінің ядролық-зымырандық бағдарламасын доғармай отыр. Сондықтан, АҚШ осы айда Корей түбегіне қарай әскери кемелерін аттандырды.
Арыстан РЫСБЕК