Ә.Жақсыбеков Францияның Ұлттық мейрамына арналған ресми шараларға қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ә.Жақсыбеков Францияның Ұлттық мейрамына арналған ресми шараларға қатысты

16.07.2014
Ә.Жақсыбеков Францияның Ұлттық мейрамына арналған ресми шараларға қатысты

14 шілде күні француз басшылығының шақыруы бойынша Мемлекет басшысының арнайы өкілі ретінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбеков Францияның Ұлттық мейрамына арналған ресми шараларға қатысты. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл жылғы мереке Бірінші дүниежүзілік соғыстың 100 жылдығымен тура келіп отыр. Елисей алаңында өткен дәстүрлі әскери шеруге алғашқы рет XX ғасырдың басындағы жанжалға қатысы бар барлық елдің өкілдері қатысты. Салтанатты рәсімге 80 елдің делегациялары шақырылған.

Мерекелік шара барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Франция президенті Франсуа Олландқа екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік сипатының маңыздылығы мен осы қатынасты одан әрі нығайтуға сенімділік білдіру баса айтылған құттықтау хаты табысталды.

Хабарламаларға жазылу