АҚШ-тың Миссури штатындағы оқ-дәрі зауытында жарылыс болып, кәсіпорын уақытша жабылды. Оқыс оқиғадан 1 адам қаза тауып, 4-еуі жараланған. Зауыттың 1800 қызметкері үйлеріне жіберілді. Жергілікті билік жарылыстың неден болғаны туралы ақпаратты әзірге жария еткен жоқ.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ