Бүгін Ресейдің Дондағы Ростов қаласында жарылыс болды. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, 46 жастағы ер адам жараланған. Бұл азамат көше қиылысында жатқан қолшамға ұқсас ұқсас затты көтергенде, ол жарылып кеткен.
Зардап шеккен тұрғын жедел ауруханаға жеткізілді. Полицейлердің айтуынша, оқиға орталықтағы мектеп маңында болды. Бұл ауданға дереу тәртіп сақшыларымен бірге өрт сөндірушілер де барды. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, мектептер тексеріліп жатыр.
Арыстан РЫСБЕК