Павлодар қаласында көпқабатты үйлердің бірінен шіл құсы табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар қаласында көпқабатты үйлердің бірінен шіл құсы табылды

13.11.2015
Павлодар қаласында көпқабатты үйлердің бірінен шіл құсы табылды

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Павлодар орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеменің маманы Ләззат Оралтаеваның айтуынша, қала тұрғындары құсты тауып алып, көпқабатты үйдің подъездіне тастап кеткен.

«Кейін мекемеге тұрғындар мекемеге хабарласып, шілді қорықшыларға тапсырды. Айта кетерлігі, құстың ешбір жері жарақаттанбаған. Бір қызығы, ол адамдардан қорықпайды. Қазіргі таңда қанаттыны Ақсу қаласындағы жас натуралистер станциясына беру бойынша келіссөздер жүргізілуде. Жалпы, шілдер Ертіс өзенінің жайылымдарында көп кездеседі, - дейді Л. Оралтаева.

Еске сала кетсек, осыдан біршама уақыт бұрын мекеме мамандары Пряник есімді бірқазанды тауып алып, Ақсудағы жас натуралистер станциясына тапсырған еді.

 

Хабарламаларға жазылу