Перу – желтоқсаннан бері тасқыннан зардап шегіп отыр. Табиғи апаттан 80 адам қаза тауып, 110 мыңнан астам тұрғын қоныс аударған. Одан инфрақұрылымға айтарлықтай зақым келді.
7 жарым мың шақырымдай көлік жолы бүлініп, 500-ден астам көпір қираған. Өзендер әлі де арнасынан шығып, үйлерді басып жатыр. 800-ден астам қалада төтенше жағдай жарияланды.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ