Ұлыбритания: Парламент елді одақтан шығаруға рұқсат берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбритания: Парламент елді одақтан шығаруға рұқсат берді

15.03.2017

Ұлыбритания патшайымы II Елизавета елін Еуропа одағынан шығару процесін бастау туралы жобаға қол қоюы тиіс. Содан кейін бұл құжат нағыз заңға айналып, парламенттік және Ұлттық архивке жіберіледі.

Даулы билльді осыған дейін заң шығару органының екі палатасы да мақұлдаған-ды. Бірақ, Шотландия мен Солтүстік Ирландия бұған қарсы. Сондықтан, олар корольдіктен бөліну мәселесі бойынша референдум өткізетіндіктерін жариялап үлгерді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу