БҰҰ 4 күндік жұмыс аптасын ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ 4 күндік жұмыс аптасын ұсынды

07.10.2014
БҰҰ 4 күндік жұмыс аптасын ұсынды

Біріккен Ұлттар Ұйымы құрамына кіретін 185 елге 4 күндік жұмыс аптасына көшуді ұсынып отыр.

Біріншіден, бұл денсаулыққа пайдалы екен. Екінші – жұмыс орындары көбейеді. Үшінші – қоршаған ортаға оң әсері бар.

Ресейдің Думасы осы мәселеге қатысты отырыс өткізбекші. Біздің депутаттар елеген де жоқ.

Дегенмен, елімізде бір банк Біріккен Ұлттар Ұйымының сөзін жерге қалдырмай, кешеден бастап 4 күндік жұмыс аптасына көшкен.

Саламат ОМАШ    

Хабарламаларға жазылу