Үндістанның Махараштра штатында жасы 60-тан асқан әйелдер үшін мектеп ашылды. Оқушы әжелер форма ретінде қызғылт түсті ұлттық киім киіп жүреді. Сонымен қатар, олар күнделікті сабағын дұғадан бастайды екен. Егде жастағы әйелдердің көбі дәріс ала бастаған соң, өздеріне деген сенімділік пайда болғанын айтады. Сондай-ақ, олар өзгелермен хат алмасу үшін тезірек жазуды үйренуге асық.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
Фариза МҰСАҚЫЗЫ