Қара теңіз жағалауындағы провинцияларда тасқын жүрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қара теңіз жағалауындағы провинцияларда тасқын жүрді

12.08.2021

Түркияда орман өртінен кейін іле-шала су тасқыны жүрді. Рейтер агенттігінің мәліметінше, Қара теңіз жағалауындағы Синоп, Бартын, Карабюк және Кастамону провинцияларында толассыз жауын соңы топанға ұласқан. Табиғи апаттан көпір құлап, төтенше жағдай кезінде бір тұрғын жүрек талмасынан қайтыс болды. 13 адам жараланған.

Құтқару қызметі із-түссіз кеткен 80-жастағы әйелді іздестіріп жатыр. Тасқыннан бірнеше ауыл электр жарығынсыз қалып, ғимараттардың бірінші қабатын су басқан. Көліктерді де су шайды. Қазір апат жайлаған аймақтарда құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Ал, Үндістанның солтүстігіндегі Гималай өңірінде таудан тас көшіп, 13 адам қаза тапты. Тағы 25 адам үйінді астында қалып, жолда келе жатқан жүк көлігі, автобус және тағы бірнеше машина қатты зардап шекті.

Үндістанда соңғы уақытта лай көшкіндері де жиілеп кетті. Бұған муссон жаңбыры себепші. Өткен айда Химачал-Прадеш штатында осындай апаттан 9 адам қаза тапса, ал Махараштра штатында 36 адам жан тәсілім еткен. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу