Ресей әуе шабуылынан 3 түрік сарбазы қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей әуе шабуылынан 3 түрік сарбазы қаза тапты

10.02.2017
Сирияда Ресей әуе күштерінің абайсызда жасалған әуе шабуылынан 3 түрік сарбазы мерт болып, 11-і жараланды. Осыған орай, Ресей президенті Владимир Путин Түрік лидері Реджеп Тайып Ердоғанға көңіл айтты.

Екі Мемлекет басшылары осы оқиғаны бірлесе тергеуге және Сириядағы «ДАИШ-қа» қарсы операция бойынша ынтымақты арттыруға уәделескен.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу