Донецк облысындағы қалада 17 мыңдай тұрғын жарықсыз, жылусыз, ауызсусыз қалған.
Қарулы қақтығыс өршіген Украинаның шығысындағы Авдеевкада жағдай күрделі. Донецк облысындағы қалада 17 мыңдай тұрғын жарықсыз, жылусыз, ауызсусыз қалған. Қиын жағдайға тап болғандардың 2 жарым мыңы – балалар. Мұны ЮНИСЕФ қоры мәлімдеді.
Мектептер, балабақшалар жабылған. Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жалғасып жатыр. Украина үкіметі мен көтерілісшілер арасындағы ымыра қаңтардың 29-да бұзылды.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ