Донецк облысында шайқас күшейіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Донецк облысында шайқас күшейіп келеді

17.11.2022

Украинаның Донецк облысында шайқас күшейіп келеді. Қазір осы өңірдегі Павловка, Вольнодар, Бахмут, Марьянка елді мекендері үшін ұрыс жүріп жатыр. Мұны ел президентінің кеңесшісі Алексей Арестович мәлімдеді. Басқа деректерге қарағанда, Украина қарулы күштері Авдеевка және Беклогоровка ауылдары маңында ресейліктердің шабуылына тойтарыс берген.

Айта кетсек, қазір Ресей Херсоннан әкеткен әскерін осы шығысқа жөнелтіп, Донецк, Луганск облыстарындағы бекіністерін күшейтіп жатыр. Әрі олар қыркүйекте айрылып қалған Харьков облысын қайта жаулауға әрекет жасауы мүмкін деген болжам айтылып отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу